Жылқы жылында спортшыларымызды қандай жарыстар күтіп тұр?

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылғыдай 2014 жыл да Қазақстан спорты үшін сәтті болады деген үміттеміз. Келесі жылы да бізді әлемдік деңгейдегі біраз додалар күтіп тұр. Солардың ең маңыздыларына тоқта­лып өтсек.

Жылқы жылындағы ірі додалар 7-23 ақпан. ХХІІ қысқы Олимпиада ойын­дары (Сочи, Ресей) 7-9 наурыз. Жеңіл атлетикадан жабық кешен­дегі әлем чемпионаты (Сопоте, Поль­ша) 24-30 наурыз. Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты (Сайтама, Жапония) 9-23 мамыр. Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты (Минск, Беларусь) 19 шілде - 4 тамыз. Су спорты түрле­рі­нен әлем чемпионаты (Барселона, Испа­ния) 5-13 тамыз. Семсерлесуден әлем чемпионаты (София, Болгария) 25-31 тамыз. Дзюдодан әлем чемпио­наты (Челябинск, Ресей) 6-20 қыркүйек. Спорттық атудан әлем чемпио­наты (Гранада, Испания) 21-28 қыркүйек. Велоспорттан әлем чемпионаты (Понферрада, Испания) 23 қыркүйек - 12 қазан. Волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты (Италия) 27-29 қыркүйек. Күрес түрлерінен әлем чемпионаты (Ташкент, Өзбекстан) 3-12 қазан. Спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты (Наньнин, Қытай) 8-16 қараша. Ауыр атлетикадан әлем чем­пионаты (Астана, Қазақстан). Көркем гим­нас­ти­кадан әлем чемпионаты (Измир, Түркия) Сондай-ақ бокстан WSB додасы, вело­спорттан «Джиро», «Тур де Франс», «Вуэльта», теннистен «Дэвис», «Федерация» кубоктары, шағын футболдан УЕФА кубогының финалы, үлкен футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы сынды дәстүрлі додалар да жылдағы мезгілінде өтеді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.