Министрдің сөзіне қарағанда, 396 мың тонна көлеміндегі мазут еліміздің облыстары бойынша тиісті көлемде бөлінді. Сондай-ақ тиісті баға деңгейі де бекітілді. «Қазіргі кезде экспорттық жеткізілімдерді есептей отырып, нарықтық баға тоннасына 45 мың теңгеге жуық көлемде қалыптасты. Біз тоннасына 32 мың теңге шекті бағаны айқындадық»,-деді С. Мыңбаев.
Осы орайда ол бүгінде тиісті баға белгіленгенін, сондай-ақ мазут көлемі де қамтамасыз етілгенін айтып өтті. «Атап айтқанда, мазут уақытында жеткізілетін болады. Яғни, мазутпен қамтамасыз ету тұрғысында ешқандай проблема болмайды»,-деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.