«Бұл мәселе жылу беру маусымына жауапты ведомстволар мен әкімдіктерге қатысты. Атап айтқанда резервтік қазандықтар мен резервтегі басқа да жабдықтар жылу беру маусымына дайындықтың жалпы жоспарына кіріп отыр. Сондықтан резервтік қазандықсыз жылу беру маусымы қалай өтетінін өте жақсы білесіздер. Бұл тұрғыда жылу беру кезеңінің сенімді әрі сапалы өтуі резервтік энергия және жылу көздеріне байланысты екенін еске саламын»,-деді Үкімет басшысы.
Осы орайда Премьер-Министр резервтік энергия және жылу көздерін даярлау жұмыстарын негізгі бағыт ретінде қарастыру керектігін жүктеді.