Мемлекет басшысы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дамудың басым жетi бағытын атап өттi. Соның бiрi - тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту. Жылумен, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерiн жаңғыртудың қарқынын арттыру мақсатында Ұлттық қордан 2015-2016 жылдары 150 млрд. теңге бөлу көзделген. ТКШ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiне жедел жаңғырту жүргiзу мақсатында осы салаларда инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тартылатын несиелерді арзандатуға және кредиторлар мен инвесторлар тәуекелдерiн төмендетуге бағытталған бiрнеше қаржы құралдарын енгiзу қажет. Осы мәселелердi шешi үшiн «Су кодексi», «Бюджет кодексi», «Электр энергиясы туралы» заңға тиiстi түзетулер енгiзiлiп жатыр», - деп атап өттi ол «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына кредит беру және субсидиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын талқылау барысында.
Оның сөзiне қарағанда, заң жобасы аясында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және жаңғырту жөнiндегi ұйым» деген ұғым енгiзiлуде. Сонымен қатар, ұзақ мерзiмдi және жеңiлдiктi несие беру түрiнде мемлекеттiк қолдаудың түрлерi мен субсидиялары бойынша iс-қимылдар реттелетін болады.