Жылыту маусымы басталғалы 16 адам өрттен қаза болды - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жыл сайын 12 мыңнан астам өрт болып, салдарынан 400-ден астам адам қаза табады. ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Марат Күлдіков осныдай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жыл сайын он екі мыңнан астам өрт орын алады, оның салдарынан төрт жүзден астам адам қаза табады. Бұл ретте өрттердің және қаза тапқан адамдардың негізгі үлесі тұрғын үй секторында тіркелген.

Ағымдағы жылғы бірінші қазаннан бастап республика бойынша жылу беру кезеңі басталды. Қазірдің өзінде республика бойынша 835 өрт тіркеліп, 16 адам қаза тапты», - деді вице-министр.

Дегенмен ол өрт көрсеткіші былтырғыға қарағанда аз екенін атап өтті.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда, өрт саны 7,3% азайып, адам өлімі 33,3% төмендегені байқалып отыр», - деді Марат Күлдіков.