«Қазақстанда жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін - шамамен 1 қазанда, тұрғын үйлер үшін – 15 қазанда басталады. Және әлеуметтік инфрақұрылым үшін – 25 сәуірде, тұрғын үйлер үшін – 15 сәуірде тоқтатылады. Бірақ бұл – қатып қалған қағида емес», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, мамандар ауа райының өзгеруіне қарай шешім қабылдайды.
«Температуралық параметрлерге сүйенеміз. Үш-бес күн бойы ауа температурасы 8 10 градусқа дейін төмендесе, жылу берілуі тиіс. Сәуір айында да үш-бес күн аралығында ауа райы 8 10 градустан әрі қарай жылыса, жылу беру тоқтатылады», - деді Қ. Өскенбаев.