Бұл ретте іс жүзінде 41,4 шақырым жөндеуден өткізілді, бұл республика бойынша 90 пайызды құрайды», деді бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин.
Оның сөзіне қарағанда, электр өткізгіш желілерін жөндеу жұмыстары Ақмола, Атырау, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жақсы қарқынмен ерекшеленіп отыр. Бұл жерлерде дайындық деңгейі 96 пайызды құрайды. «Бұл ретте электр желілерін жөндеуде Қостанай (58 пайыз) және Астана қаласында (66 пайыз) кестеден қалып қоюшылық байқалады», деді ол.