Жылыту маусымына дайындалу үшін жоспарланған жылу трассаларының 97 пайызы жөнделді
14:09, 13 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде жылыту маусымына дайындалу үшін 716 шақырым жылу трассаларын жөндеу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнде оның 692 шақырымы жөнделіп бітті, бұл жоспардың 97 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин айтты.
Оның сөзіне қарағанда, Ақмола, Атырау облыстарындағы және Астанада қаласындағы жылу трассалары жөнделіп біткен. Жылу трассаларын жөндеу бойынша жоғары көрсетекіштерді Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары және Алматы қаласы көрсетіп отыр. Ал, жөндеу жұмыстарының қарқыны Солтүстік Қазақстан облысында көңіл көншітпейді.