Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 1130 өтініш тіркелген, оның 673-і - «Ақжайық» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге, 457-сі «Әл-Арқа» кешеніндегі пәтерлерге беріліп отыр, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының Тұрғын үй және коммерциялық (тұрғын емес) жайларды сатудың ережесіне сәйкес, өтініш берушілердің рейтингі мен пәтерлерді алдын ала бөлуге келу кезегі мамырдың 14-інде Қордың сайтында - www.kazproperty.kz - жарияланады.