деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шар - Құрылыс» ЖШС-мен жасалған мәміле Директорлар кеңесінің 2010 жылғы қаңтардың 28-індегі № 19 шешімімен мақұлданған болатын. Сонымен қатар «Ертегі әлемі» тұрғын үй кешенін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен көзделген.
Жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық саясатына сәйкес құрылысқа бөлінген қаражатты шығындау тек алдын ала жасалған жазбаша рұқсат бойынша ғана жүзеге асырылатын болады, бұл қаржының мақсатқа сай емес пайдалануын болдырмай, нысан құрылысын тиімді бақылауға алуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру кезінде сондай-ақ қазақстандық өнім өндірушілерге баса көңіл аударылатын болады.
Шарттың талаптарына сәйкес, нысандағы құрылыс жұмыстары 2011 жылғы шілденің 1-іне дейін аяқталуы тиіс, ал оны пайдалануға беру мерзімі 2011 жылғы қарашаның 1-іне жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру нәтижесінде Жылжымайтын мүлік қоры жалпы ауданы 17,3 мың шаршы метрді құрайтын 170 пәтерді және жалпы ауданы 6,8 мың шаршы метрді құрайтын коммерциялық үй-жайларды экономикалық айналымға енгізеді.
Сонымен қатар жобаның тұрақтылығын арттыру мақсатында шартта бірқатар талаптар көзделді. Мәселен, Жылжымайтын мүлік қоры, «Шар - Құрылыс» ЖШС және «Еуразиялық банк» АҚ арасында үшжақты келісім жасалу күтіледі. Бұған сәйкес банк құрылыс салушының мүлкі мен Жылжымайтын мүлік қоры нысан құрылысына бөлінген қаражаттан пайда өндіріп алмауға міндеттеледі. Оның үстіне құрылыс салушы бірінші кепіл ұстаушы ретінде жер теліміне және аяқталмаған құрылысқа кепіл шартын Жылжымайтын мүлік орталығына тіркеуге тиіс.