Жылжымайтын мүлікке қатысты заңға түзету енгізіледі
11:12, 27 Қаңтар 2009
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Тіркеу мерзімін өткізіп алуына дәлелді себептер болған жағдайда сотта әкімшілік жауапкершілік туралы мәселені қараған кезде жылжымайтын мүлікті сатып алушылар әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
Осындай толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобасы ертең, қаңтардың 28-і күнгі Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың талқысына салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарап шыққан Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті өз қорытындысын беріп отыр.Заң жобасы бойынша Мәжілістің барлық салалық комитеттері оң қорытындыларын шығарған. Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығыстарға әкеп соқпайды.