Жыраға құлап кеткен қарт кейуана үсік шалып, мерт болды - ТЖМ

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Абайсызда жыраға құлап кеткен қарт әйел үсік шалып, мерт болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаңтардың 15-і күні кешке Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Көбенсай ауылында тереңдігі 8 метр жыраға 79 жастағы әйел құлап кеткен.

Ордан шыға алмаған әйел, сол орында үсік шалу салдарынан қаза тапты.