Дзюдошылар Варшавада өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошылар Варшавада (Польша) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

Фото: ҰОК

Отандастарымыз бұл жарыста бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта қос қазақстандық балуан Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Умуталиев финалда кездесті. Нәтижесінде Тоқтар Умуталиев жарыс жеңімпазы атанды.

Ал Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды.

Еске салсақ Алматыда «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчына байланысты қауіпсіздік күшейтіледі