Қазіргі таңда Зика Қытайға дейін келді. Демек таяу тұста тіркелген. Бірақ дәл қазір Павлодар облысындағы ахуал көбірек алаңдатады. Мазаны алған масаларды қатаң назарға алу қажет. Профессор Андрей Богоявленский олардың вирус тасымалдауға бейім келетінін айтады.
«Қазақстандағы жоғары ылғалдылық пен тым ыстық ауа райына байланысты біздің аймаққа жат, кейбір масалардың бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азиядан жетуі мүмкін. Таралып кетуіне сенімсізбін. Алайда кездесіп қалуы ықтимал», - деді ҚР БҒМ Вирусология мен иммунология институтының вирусқа қарсы лабораториясының меңгерушісі Андрей Богоявленский.
Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Зика вирусын әлемдік ауқымдағы індет қатарына жатқызды.