ДДСҰ вирус тіркелген аудандарға баратын барлық әйелдерге сапар алдында және соңында дәрігерлер кеңесіне міндетті түрде жүгінулерін ескертті.
Зика безгегі, негізінен, маймылдарда кездеседі, ол өткір инфекциялық ауру. Алайда кей жағдайларда ол адамға маса арқылы жұғады, әдетте зиянсыз безгек түрінде пайда болады. Алайда вирус жаңа туған нәрестелер үшін қауіпті, нәрестеде вирус микроцефалия тудыруы мүмкін.
ДДСҰ және Еуропалық инфекциялық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми ақпаратына сәйкес 2015 жылғы сәуірден бастап Бразилияда, Оңтүстік Американың басқа да елдерінде Зика безгегі эпидемиясының артқаны байқалады. Қазіргі сәтте Бразилияның 18 штатында 500 мыңнан астам осындай оқиға тіркелгені белгілі, деп жазады шетелдік БАҚ.