Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме қуаныштымын - Ильин

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интернет желісіне қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильиннің жаттығуға қайта оралған видеолары орналастырылуда, онда спортшы салмағы 210 келіге дейінгі зілтемірлерді бағындыруда.

«Бүгін достарыммен бірге тамаша жаттығу-семинар өтті. 6 сағаттық жұмыс және қызықты өткен уақыт! Барлығы өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетті! Зілтемірді қайта көтеріп жүргеніме өте қуаныштымын! Достар, жемісті еңбегіміз үшін рахмет!», - деп жазды Илья Ильин Инстаграмдағы өзінің парақшасына.

Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2008 және 2012 жылдарғы олимпиадалық медальдарынан айырылған отандық спортшыға жанкүйерлері қызу қолдау білдіріп, тілек-ниеттерін жеткізуде. Олар Ильиннің үлкен спортқа қайта оралып, Токиодағы Ойындарға қатысатынына үміт білдіруде.

Бұған дейін хабарланғандай, Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша отандық спортшыны сол Ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.

Бұдан кейін Илья Ильин спорттық мансабын аяқтайтынын мәлім етті .

<" width="1" height="1" layout="responsive">

Рывок 155 "каждый день маленькая победа приводит к заветной цели" #155 #lovesport #weightlifing #ilyailyin4ever #155

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyin_official) Мар 11 2017 в 11:35 PST

Соңғы жаңалықтар