Айдар қоссайыс жиынтығында ирандықтан бір балға озып, 317 (140 177) келі көтерді. Осы санатта жарысқа түскен бағы бір спортшымыз 19 жастағы Жасұлан Қалиев алтыншы орын иеленді, деп хабарлайды sports.kz.
Еске салсақ, 14-17 қазанда Дохада (Катар) ауыр атлетика бойынша бірден екі турнир өтуде: Азия Кубогы және Катар Халықаралық кубогы.
Қазақстаннан бұл жарыстарға төрт спортшы қатысуда: Айдар Казов (77 келіге дейін), Жасұлан Қалиев (77 келіге дейін) Селімхан Әбубәкіров (105 келі), Александра Аборнева (75 келі).