Зілтемірші қыздар Лондон Ойындарына хиджабпен қатысады

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Біріккен араб әмірлігінің зілтемірші қыздарына Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына хиджабпен қатысуға рұқсат етілді.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) мұсылман қыздардың талап-тілектерін ескеріп осындай шешім шығарды.

БАӘ-нің ауыр атлетика федерациясының президенті шейх Сұлтан бин Минжирин: «Мұндай шешім бүкіл ислам елдерінің спортшы қыздарына оң әсер тигізетіні анық. Енді, бұдан былай мұсылмандарды діни көзқарасына байланысты алалаушылық болмайды деп сенемін»,- деп атап көрсетті.