Зілтемірші Светлана Подобедова балалы болды
20:58, 04 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі спортшы Светлана Подобедова ұл туды. Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында жазды.
«Бүгін мен үшін ең бақытты күн!!!! Руслан атты ұлым дүниеге келді», - деп қуанышымен бөлісті спортшы.
Достары мен жанкүйерлері баланың дүниеге келуімен құттықтап, ұлының мықты чемпион болуын тіледі. Өз кезегінде, Светлана Подобедова да «құттықтап, қолдағаны үшін» барлығына алғыс білдірді.