Quadratin агенттігінің Халықаралық ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап хабарлағанындай, қазақстандық зілтемірші Татьяна Капустина 2015 жылы Перудегі жастар чемпионатындағы алтын медалінен айырылды.
Бұл шешім Капустинаға жасалған допинг-сынақтамасынан кейін қабылданған. Осылайша, әлем чемпионы титулы эквадорлық атлет Айови Кабесасқа, күміс жүлде - Украина спортшысы Анастасия Шишановаға, ал қола медаль мексикалық зілтемірші Лизабет Руис Ноласкоға бұйыратын болды.