«Шынында да бiздiң ауыр атлеттер ел мерейiн үстем етiп жүр. Өздерiне жақсы, ыңғайлы спорт кешені қажеттiгiн дәлелдедi. Бiз оны жасап беруге мiндеттiмiз. Қазiргi таңда дайындалып жүрген жерлері бар. Бiрақ олардың жаттығуына қажеттi орталық салу жоспарда тұр. Конфедерация және федерациямен бiрге қазiр бұл мәселенi шешу жолында», - дедi ол.
Оның айтуынша, ауыр атлеттерге мемлекет тарапынан мейлiнше барлық жағдай жасалған. «Бұлардың қаражат жағынан, өзге де салалар бойынша проблема жоқ. Бiрақ ауыр атлеттер орталығы қажет», - деп түйдi сөзiн вице-министр.