«Тікұшақ тура тұрғын үйдің үстіне құлаған, өкінішке орай апат салдарынан екі ұшқыш және техникалық маман мерт болды, сондай-ақ сол жерде жүрген бір бала қаза тапты», деген ӘӘК өкілінің сөзін келтіреді басылым.
Ведомствоның дерегінше, тағы бір бала мен оның анасын күйік шалып, ауруханаға жатқызылған.
Тікұшақ оқу-жаттығу жүргізу кезінде апатқа ұшырағаны хабарланады. Оқыс оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.