Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, қаза тапқандарды туыстары арқылы анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Паромда нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз. Себебі кемеге ата-анасымен бірге жүрген балалар билетсіз кіргізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша қатты жел мен толқын салдарынан паром тереңдігі 50 метрден асатын су қоймасында аударылып кеткен. Кемеде 160-тан астам адам болуы мүмкін. Олардың 77-сі құтқарылды.
Айта кетейік, жуырда Индонезия жағалауында 250 адам мінген паром өртенді.