Зимбабведе жол апатында 37 адам қаза болып, 29 адам жараланды

АСТАНА.   Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Зимбабведе  жолаушылар   автобусы  мен    жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 30-дан  астам адам  қаза   тапты.

Мемлекеттік  радионың  хабарлауынша,   рейстік автобус   ел  ордасы  Харера  қаласынан Масвинго  қаласына  бара жатқан  жолда   қарсы келе жатқан   жүк көлігімен  соқтығысып қалған. Нәтижесінде    автобус  бірнеше  рет аударылған.

Нақтыланған мәліметтер  бойынша,  жол-көлік оқиғасының салдарынан 37 адам қаза болған,   29 адам жараланған.   Полиция өкілдерінің    хабарлауынша,  4 адам  ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.

Зимбабведе  жол  үстінде кісі  өлімі   өте  жоғары,    оған   жол инфрақұрылымының      нашар  жағдайы мен  автокөліктердің  тым  ескілігі себеп.   Ағымдағы жылдың наурыз  айында   елдің Премьер-министрі Цвангираи жол  апатына  ұшыраған болатын,  оның көлігі    жүк көлігімен  соқтығысып қалған  еді.