Полицияның ресми өкілі Пол Ньятидің мәлімдеуінше, қаза тапқандарды іздеу және олардың денесін судан шығару операциясына екі үлкен қайық, екі шағын кеме және полицияның сүңгуірлер бөлімшесінің 40 қызметкері жұмылдырылған.
Бұған дейін табылған кейбір марқұмдардың денесі жерлеу үшін отбасыларына берілді. Олар Кариба көлі маңында және басқа өңірлерде жерленеді.
Кеме Кариба қаласынан Чалала балықшылар лагеріне бағыт алған кезде апатқа ұшыраған.
Биліктің мәліметіне сүйенсек, апат кезінде барлығы 77 адам құтқарылған.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Зимбабведегі осы паром апатынан алғашында 72 адам көз жұмғаны белгілі болған.