Мемлекет басшысының сайлауы 2018 жылы өтеді.
Партияның атқарушы хатшысы Игнатиус Чомбо іс басындағы президент Мугабені «көрегендік пен бірліктің» үлгісі болғандығын айтты. Оның кандидатурасы осы аптада қаралатын болады.
Мугабе мемлекетті 1980 жылдан бері басқарып келеді. Зимбабведе соңғы рет президенттік сайлау 2013 жылы өтті. Оппозиция өкілдері дауыс беру барысында заңсыздықтар болғандығын айтқанымен Мугабе сайлауда жеңіске жетті.
Мемлекет басшысы болса о дүниелік болғанша ел басқаруға дайын екендігін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын. Бұл ретте ол егер партия тиісті шешім қабылдайтын болса отставкаға кететінін де ескерткен.
Зимбабве әлемдегі өте кедей мемлекеттердің бірі. Бұл елдің экономикасы өте қиын жағдайда. Бұған қоса олар гиперинфляциямен бетпе-бет келіп, ел бюджетінің үлкен дефицитіне тап болды. Мугабені диктаторлығы әрі оппозицияға қысым көрсеткені үшін айыптайды, деп жазады, lenta.ru.
23:27, 14 Желтоқсан 2016
Зимбабвенің 92 жасар президенті тағы да сайлауға түскелі жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабвенің билік партиясы ЗАНУ-ПФ өздерінің 92 жастағы іс басындағы президенті Роберта Мугабені жаңа сайлауға ұсынбақшы. Бұл туралы сенбі күні Associated Press хабарлады.