Мугабе Сингапурда отбасының ортасында, соның ішінде жұбайы Грейстің қасында ауруханада көз жұмды.
«Өкінішке орай, біз одан айырылып қалдық. Біз бұл күн ешқашан келмейтін болар деп үміттендік. Ол жақсы өмір сүрді», - деді Мугабе билігі кезіндегі бұрынғы министрі. Ол аты-жөнін жарияламауды жөн көрді.
Роберт Мугабе 2017 жылдың қарашасында елді 37 жыл билегеннен кейін әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен шеттетілді. Ол Сингапурда сәуірі айынан бастап емделіп жатқан.
Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва 2 апта бұрын үкімет отырысында дәрігерлердің оның өмірін жасанды жолмен ұзартып отырудан бас тартқанын мәлім етті.
Р. Мугабе 1980 жылы елдің премьер-министрі болып, Зимбабве билігіне келген еді. 7 жыл өткеннен кейін ол премьер-министр лауазымын қысқартып, өзін елдің президенті етіп тағайындады.