Зимбабвенің экс-президенті ай сайын $150 мың алатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Роберт Мугабенің  Зимбабве президенті лауазымынан кетуіне байланысты жасалған келісім бойынша оған 10 миллион доллар төлеу қарастырылып отыр.

 Бұл соманың жартысы бірден беріледі. Бұдан кейін ол өмір бойы ай сайын 150 мың доллардан алып отыратын болады. Бұл туралы сенбі күні The Guardian  газеті осы елдің билік басындағы партиясындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның жазуынша, экс-президент қайтыс болған жағдайда оған еріне тағайындалған соманың жартысы төленетін болады.  

Еске сала кетсек, елді соңғы 37 жыл бойы басқарған Роберт Мугабе  21 қарашада отставкаға кеткенін жариялаған болатын.