Зимбабвенің президенті отставкаға кетуден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат -Зимбабвенің президенті Роберт Мугабе әскерилермен келіссөздер барысында отставкаға кетуден бас тартты, деп хабарлайды Reuters .

Агенттіктің хабарлауынша, олар президентпен кездесті. Алайда ол қызметінен кетпейтіндігін мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Зимбабвенің әскерилері елді 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан республика президентін қамауға алған болатын . 

Кеше бұл мәселеге байланысты  ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Зимбабведе орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді .