Мадридтiктердiң қазiргi бапкері Карло Анчелоттидiң келiсiмшарты екi жылдан кейiн аяқталады. Шарт уақыты бiтiсiмен оның орнын Зидан басуы ықтимал.
Қазiргi уақытта француз футболшысы итальяндық жаттықтырушының көмекшiсi болып қызмет атқаруда. Оның бес жыл бойы «Реалда» ойнағаны белгiлi. Жыл басында ол спорттық менеджердiң дипломын алды. Бұның алдында Зидан команданы басқаруға әбден пiсiп, жетiлгенiн бiрнеше рет айтқан болатын.