Бұл жөнінде ол RMC Sport басылымына берген сұхбатында мәлім етті.
-Марчелло Липпи маған әрдайым алға жылжу қажет екендігін үйретті. Туринге келгенде мен аса жақсы ойнаған жоқпын. Сондықтан баспасөз бен жанкүйерлер мені деңгейге сай емес деген пікірін білдірді. Липпи қалай ойнауым керек екендігін айтты, мен жақсы ұстаным таныттым. «Ювентустың» бапкері болу... Неге болашақта болмасқа, – деді Зинедин Зидан.
Бұрынғы жартылай қорғаушы, қазіргі танымал бапкер Турин клубының намысын 1996-2001 жылдар аралығында қорғаған.
Биыл 54 жасқа келген Зинедин Зидан Франция құрамасы тізгінін жазда қолға алды. Оның еңбек келісімі 2030 жылдың жазына дейін есептелген.
Ол «Реалды» екі кезеңде (2016–2018 және 2019–2021 жылдары) басқарып, клубпен бірге 11 ірі жүлде жеңіп алды. Оның ішінде УЕФА Чемпиондар лигасының үш мәрте чемпионы, Испания чемпионы, клубтар арасындағы әлем чемпионатының және УЕФА Суперкубогының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Зинедин Зидан Франция құрамасымен 1998 жылғы әлем чемпионатын, 2000 жылғы Еуропа чемпионатын жеңіп алды. 1998 жылы «Алтын доп» иегері болды.