НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі футбол бапкері Зинедин Зидан Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына бас бапкер болудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлім болғандай, оған клуб басшылығы тарапынан осындай ұсыныс түскен. Аталған ұсынысқа Зинедин Зидан қарсы екенін білдірді.
Биыл 50 жасқа толатын француз маманы футболшылық мансабында Францияның «Канн», «Бордо», Италияның «Ювентус», Испанияның «Реал Мадрид» клубтарында доп тепті.
2013 жылы «Реал Мадрид» командасында бас бапкердің көмекшісі болса, 2016-2018, 2019-2021 жылдарда бас бапкер қызметін атқарды. Бұл қызметінде испаниялық клубқа екі мәрте ел чемпионы атағын алып берсе, үш мәрте Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, бүгін Ұлттар лигасында Қазақстан-Словакия кездесуі өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.