Зират маңынан гранатомет табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Баткен облысындағы Қызылқия қаласының зират аумағындағы құпия ұрадан гранатомет табылды.

Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі өкілінің сөзіне қарағанда, аталған қаруды Ош қаласы ІІБ ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері тауып алған. Гранатомет сауытты техникаларға қарсы қолданылатын РПГ-18 қару екендігі анықталды.

Оның иесі кім екендігі де белгілі. Бұған дейін істі болған жергілікті тұрғын қаруды 2012 жылы сатып алып, зират аумағындағы жасырын орынға тығып қойғандығын мойындап отыр.