Туризмді насихаттап жірген бұл азаматтар өз мотоциклдерімен Австрия мемлекетінен Түркістанға дейінгі аралықты үш ай уақытта жүріп өткен. Жолай Чехия, Польша, Беларусь, Ресей мемлекеттерінде болған.
Қонақтардың айтуларынша Қазақстанда бір айдай болып, Алматы, Астана тағы басқа көрікті жерлерімізді тамашалауды жоспарлаған.
Бір жылдай әлем елдерін аралап соңғы тұрақтар жері Австралиядан ұшақпен туған жерлері Австрияға оралатын көрінеді. Осындай əлемді аралап жүрген саяхатшылар жиі «Əзірет Сұлтан» кесенесіне үнемі келіп тұрады.