«Осы тамаша фильм үшін Оливер Стоун, Игорь Лопатенок, Игорь Кобзев, композитор Карло мырзаларға, бүкіл түсірілім тобына, осы жобаға атсалысқан әрбір адамға өз атымнан, Мәдениет және спорт министрлігінің атынан айрықша алғыс айтқым келеді», - дейді министр.
Айта кетейік, бүгін елордада «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Алтын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмнің көрсетілім алдындағы таныстырылымы өтті