деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Осы заң жобасында зияткерлік меншік құқықтары мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
Заң жобасында қарастырылып отырған, басқа заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулер ішкі қайшылықтарды жоюға, патенттік сенім білдірілген өкілдер мәртебесін заң жүзінде бекітуге, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерді қарау мерзімін қысқартуға бағытталған.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдау туралы ортақ шешімге келді.