Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM - Президент зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты құжатты мақұлдады.

Фото: akorda.kz

«Мемлекет басшысы „Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы“ Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.