Манкуниандық клуб швед шабуылшысына үлкен сенім артып отыр. Сондай-ақ "қызыл сойқандардың" жаңа жаттықтырушысы Жозе Моуринью да Златанның команданы алға сүйрейтініне сенім білдіруде.
«Мен "Манчестер Юнайтед" сапына қосылғаныма, премьер-лигада ойнау бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Жозе Моуриньюмен бірге жұмыс жасауға асығып жүрмін. Ағылшын премьер-лигасында өзімді тамаша қырымнан көрсете аламын деп ойлаймын», - деді Златан Ибрагимович.
Футболшы "Манчестер Юнайтед" сапына еркін агент ретінде қосылып отыр. Осыған дейін Златан "ПСЖ", "Милан", "Барселона", "Интер", "Ювентус", "Аякс" жəне "Мальме" клубтарында ойнаған.