Зообақ қызметшісіне «ғашық» пингвиннің баласы YouTube-та танымал болды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапон зообақтарының бірінде қызметшіге «ғашық» болған Сакура атты пингвиннің баласы YouTube-та әйгілі болды. Сакура өзіне жем-шөп беріп, күтіп жүрген зообақ қызметшісінен бір елі қалмайтын көрінеді.

Шетелдік БАҚ өкілдерінің мәліметіне қарағанда, Сакураның пингвин досы жақында өліп қалған екен. Содан кейін бала пингвин өзіне жаңа серік іздей бастаған, соңында оның таңдауы адамға түсті. Ал зообақ қызметшісі бұндай ықыласқа ие болғанына қуанышты.