Зообаққа жаңа аңдар жеткізілді - ОҚО
22:57, 06 Сәуір 2016
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі хайуанаттар бағы тағы да аң-құспен толықты. Биіктігі 13 метрлік жасанды төбені енді көк қошқар, теке мен арқар және өзге де тұяқты жануарлар мекендейтін болды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Қала жұртының көз қуанышына айналып келген хайуанаттар бағына 6 арқар, 2 көк қошқар және ерекше үлгідегі 3 теке жаңадан соғылған жасанды тау жобасына жіберілді. Зообақ басшылары осы жобаға сәйкес көк қошқар мен тау текесін шетелден арнайы алдырған, қалғандары бұған дейін де хайуанттар бағын мекендепті.
«Арқар мен муфлондар осы хайуанаттар бағында мекендеген, ал қалғандары Новосібір бағынан әкелінді»,- дейді зообақ директорының орынбасары Латипша Алиев.
Мамандардың жаңадан әкелінген жануарлардың жерсініп, жаңа ортаға үйреніп кететініне сенімдері мол.