Ерлі-зайыптылар бірнеше қылмыс жасағаны үшін, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 4-бөлімі 210-бабы (қызметтік өкілдігін асыра пайдалану арқылы ұрлық жасау) бойынша айыпталуда. Ресми өкіл атап өткендей, олар келісімшарттық қарым-қатынастарды рәсімдемей хайуанаттар бағындағы 23 қоқиқазды өткізіп жібеерген.
«Тергеу анықтағандай, директор өзінің жұбайы - зоотехникалық бөлімнің бастығымен 2014-2015 жылдары өздерінің қызметтік өкілдігін асыра пайдалану арқылы Ресей азаматына бірқатар жануарларды сатып жіберді, - деп мәлімдеді Юлия Гончарова. - Олардың ішінде Шығыс Сібір және қарапайым сілеусін, шығыс колобус, генетта, боливиялық миркиннің үш сілеусіні, мысық лемуры да болған».