Облыстық білім басқармасының мәжіліс залында қала тұрғындарымен кездесу болып өтті. Маңызды тақырыпты қамтитын арнайы фильм көрсетілді. «Не молчи» қоғамдық ұйымының басшысы Дина Смайылованың айтуынша, зорлық - зомбылық көрген балалардың көбі оны айтуға немесе жариялауға бара қоймайды. Ал, бұл өз кезегінде қылмысты анықтап, жолын кесуге кедергі келтіреді.
«Жасөспірімдерге жасалынатын зорлық - бүкіл қоғам үшін қатерлі. Өкінішке қарай, зорлық- зомбылыққа тап болған балалардың 90 пайызы өзінің басына түскен жағдайды жасырады. Ал, бұл өз кезегінде қылмыскерлерді анықтауға кесірін тигізеді», - деді Дина Смайылова.
Аталған қоғамдық бірлестіктің белсенділері Көкшетау, Щучинск, Степногорск қалалары мен Астрахан аудандарында 17 кездесу өткізді. Кездесулерге барлығы 1500 адам қатысқан.