Зорлық жасаған жолсеріктерге үкім шығарған сот өкілі де жауапқа тартылуы мүмкін – Мәжіліс депутаты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев «Тальго» пойызында зорлық жасаған жолсеріктерге үкім шығарған судьяларға қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталмыш сотөкіліне қатысты қызметтік тексеру жүргізу бойынша талап қоятын боламыз. Бірақнақты тексеру болады деп айта алмаймын. Сот біздің мемлекетте биліктің тәуелсізтармағы болып саналады. Ол Парламенттен де, Үкіметтен де тәуелсіз. Сонда да бізолардан қызметтік тексеру жүргізуді талап ететін боламыз. Халықтың өкілі ретінде депутаттық сұраусалуға хақымыз бар. Қазір менің атымнан Бас Прокуратура мен Жоғарғы сотқа,«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының атына жазылғанүш хат жатыр», - деді депутат.

Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқанбойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсеріккеқатысты қылмыстық іс сотқа түскен. Кейін бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді. 26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызындаақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкімоқылды.

Соңғы жаңалықтар