Шараның негізгі мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларына жұртшылықтың және басқару органдарының назарын аудару, қоғамда әріптестікке және қарым-қатынастың зорлық-зомбылық тәсілдерін мойындамауға негізделген отбасы қарым-қатынастарының мәдениетін қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету.
Акцияға ішкі істер органдарының 7,5 мың қызметкері жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың 3 мыңға жуық өкілі, Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, прокуратураның, білім беру органының, денсаулық сақтау органдарының, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, «Нұр Отан» ХДП-ның және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілген.
Екі күннің қорытындысы бойынша Акцияны өткізу барысында мүдделі мемлекеттік органдар тұрғылықты жері бойынша 3,5 мың қолайсыз отбасын тексеріп, оның барысында ересектерге қатысты 400 және балаларға қатысты 76 зорлық-зомбылық фактісі анықталды. Анықталған фактілер бойынша 200 қорғау нұсқамасы шығарылып, 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлығы 500-ге жуық қолайсыз отбасыға көмек көрсету туралы жергілікті атқарушы органдарға қолдаухаттар жіберілді.
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 1,5 мың адамға қатысты көмек көрсетілді. Акцияны өткізу барысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 100-ге жуық азамат Дағдарыс орталықтарына жіберілді.