Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95 125) кг нәтиже көрсетті.

Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.


Фото: olympic.kz