Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Алматыда өткен Анатолия Храпатый атындағы турнирден соң Қазақстан құрамасының бас бапкері ауыр атлетикадан Инчхонда өтетін Азия ойындарына баратын спортшыларды атады. Кореяға әйелдер құрамасынан: Маргарита Елисеева ( 48 келіге дейін), Зульфия Чиншанло ( 53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова ( 58 келіге дейін), Карина Горичева ( 63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұлова ( 69 келіге дейін), Анна Нұрмұхамбетова ( 75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары).
Ерлер командасының құрамы: Арли Чонтей ( 56 келі), Азамат Рымқұлов ( 62 келіге дейін), Александр Ким ( 69 келіге дейін), Кирилл Павлов ( 77 келіге дейін), Рүстем Сыбай, Ермек Өміртай (екеуі де 85 келіге дейін), Алмас Өтешев ( 94 келіге дейін), Сергей Истомин (105 келіге дейін), Ибрагим Берсанов ( 105-тен жоғары).
Еске сала кетсек, Инчхондағы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасына үш «алтын» алу тапсырмасы қойылып отыр.