ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында бүгін қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло жарыс жолына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зүлфия әйелдер арасында 55 келіде сынға түсті. Ол жұлқи көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал келесі кезекте 93 келіні көтергенмен, төрешілер оны санаған жоқ.
Ал серпуде ол бірден 213 келіні бағындырыды. Қоссайыстың нәтижесінде 223 келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды.
4 спортшы қазақстандық ауыр атлеттен жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Ал тағы екеуінің көрсеткіші Зүлфиямен бірдей болды.
Зүлфия 1993 жылдың 25 шілдесінде дүниеге келген. Бұған дейін 2009, 2011, 2014 жылдарда 53 келіде әлем чемпионы атанды.
Ал 2010, 2014 жылдарда Азия чемпионатында 53 келіде күміс жүлдегер болды.
Айта кетейік, Олимпиадада қазақстандық Игорь Сон ерлер арасында 61 келі салмақта қола жүлдеге қол созды.
Сондай-ақ, дзюдошы Елдос Сметов үздік үштікті түйіндеп, медальға ие болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.