Зүлфия Чиншанло: «Риода әлем рекордын жаңартамын»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыдағы ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатында Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло жеңімпаз атанды, ол қоссайыста барлығы 232 (98 жұлқа көтергенде +134 серпе көтергенде) келіні еңсеріп, әлемдік рекордты жаңартты. Екінші орынды Қытайлық Тайпейден Хсу Шу-Цзин иеленсе, үшінші орынды 214 салмақ (96+118) нәтижесімен қытайлық Ли Ячжун еншіледі.

Зүлфия Чиншанло Sports.kz тілшісімен алған әсерімен бөлісті.

«Мұны сөзбен айтып жеткізу қиын. Өте бақыттымын! Бұл - менің екі жылдық үзілістен кейінгі алғашқы үлкен қадамым. Енді басты мақсатым - Риода өтетін Олимпиадаға дайындаламын!» - деді ол.

Сондай-ақ спортшы Риода әлем рекордын жаңартуға күш салатынын жеткізді. «Риода рекорд жаңартамын деп үміттенемін. Келешекте 136 келіні көтеруді жоспарлаудамын», - деді алтын медаль иегері.