Спортшы бұл қашықтықты 44.57 секундта жүзіп өтіп, өз стартында сегізінші, ал квалификацияның жалпы есебінде сегізінші болып, финалға қатысушылар тізіміне ілікті. Жарыс финалы бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:38-де өтеді.
Еске сала кетсек, Зүлфия Ғабидуллина – 2016 жылғы Паралимпиада ойындары мен 2018 жылы өткен Паразиада ойындарының жүз метр қашықтыққа еркін жүзуден өткен жарыстардың алтын жүлдегері.