Әзірге олармен тек Квазулу-Наталь провинциясындағы афрохристиандық Шембе сектасындағылар ғана келіспей отырған көрінеді. Дегенмен белсенділердің айтуынша, бұл бағытта алғашқы және өте маңызды қадам жасалды.
Табиғат жанашырлары көптен бері зұлыс тайпалары көсемдерінің осынау дәстүрлі киімдері қабыландардың азайып кетуінің бірден бір себебі екендігіне қоғам назарын аударып келеді.
Қарапайып зұлыстар мұны мойындағанымен, көптеген ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрге қарсы тұра алмаушы еді.
Айта кетер жайт, қабылан терісін көбінесе тек зұлыстардың көсемдері ғана киеді. Ал қарапайым адамдар үшін тым қымбат. Содан да болар, олар бағасы небәрі 25 доллар тұратын синтетикаға жаппай бет бұрып жатыр, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.